Жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болатын LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды. Бұл елорданың стратегиялық көлік жобасы құрылысындағы негізгі кезеңдердің бірі.
CTS баспасөз қызметі мәлім еткендей, барлығы №101–118 станция аралығында және олардың аралықтарында 89 600 погондық метр рельс төселді. Қазіргі уақытта рельстерді дәнекерлеу жүргізіліп жатыр, одан кейін олардың соңғы бекітуі басталады.
Фото: CTS