Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.

Облыста 1,82 трлн теңгенің өнімі өндірілді, 337 млрд теңгенің 13 инвестициялық жобасы іске асуда (KIA, «КамлитKZ» зауыттары, Арқалық әуежайы). Биыл 22 әлеуметтік нысан ашылды, 54 су жобасы жүріп жатыр, халықтың 99%-ы орталық суға қосылған. Жолдарға 102 млрд теңге бөлініп, 1300 шақырым жөнделуде.

Президент Тоқаев инфрақұрылым, инвестиция, ауылдарға ауызсу, егін жинау және жылыту маусымына дайындық бойынша тапсырма берді.


Фото: Ақорда