Биыл Шымкентте 12 мектеп және Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.
Кездесуде Мемлекет басшысына қаланың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берілді.
Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайызға ұлғайып, 360 миллиард теңгені құрағанын жеткізді.
Құрылыс қарқын алып, 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.
«Жұлдыз» және «Бозарық» жаңа индустриялық аймақтары іске қосылды.
Жаңа әуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы реконструкциядан өтті.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп және Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Шағын футбол орталығы мен спорт кешені бой көтерді.
Оңтүстік айналма жолы және 2 ірі жолайрық пайдалануға берілді.
Мұз сарайы, Орталық су спорты кешені, №2 қалалық емхана, «Қиял әлемі» технопаркі мен «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне өткен.
Фото: Ақорда