Премьер-Министр бюджет шығынын қатаң бақылауды тапсырды

Олжас Бектенов Үкімет отырысында мемлекеттік бюджет шығыстары өңірлердің дамуына және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталатынын атап өтті.

Келер жылғы шығыстар биылға қарағанда 11–16%-ға өседі. Қаражат инфрақұрылымдық жобаларға, бизнесті қолдауға және әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалады.

«Бюджет қаражатын тиімді әрі уақтылы пайдалану, шығынды қатаң бақылауда ұстау маңызды», - деді Үкімет басшысы.


Фото: Үкімет