Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жалағаш ауданында өткен «Дала күні – 2025» күріш ору науқанының ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шараға сондай-ақ өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев та қатысты.

Жиында ауыл шаруашылығы мен су саласының үздік қызметкерлері марапатталды. Барлығы 35 маман марапатқа ие болды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өңір диқандары өз өнімдерін ұсынды.

– Биыл вегетация кезеңі күрделі ауа райы жағдайында өтті. Соған қарамастан, суды әділ әрі тиімді бөлу шараларының нәтижесінде Қызылорда облысындағы күріш алқаптарын сумен қамтамасыз еттік. Дегенмен су үнемдеу технологияларына көшу қажеттілігі әлі де өзекті. Мемлекет заманауи суару жүйелерін жылдам әрі тиімді енгізу үшін барлық қажетті қолдау тетіктерін, соның ішінде субсидияларды ұсынып отыр, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. 


Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі