Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақордада өткен салтанатты жиында Президент мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін атап өтті.
«Жалпы, еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өзіндік дәстүрі, бай тарихы бар. Осы саланың қалыптасып, өркендеуіне бірнеше буын өкілдері зор еңбек сіңірді. Сіздерді аға буынның лайықты ізбасары деуге болады. Қазір мұнай-газ саласында екі жүз мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында Қазақстанымыз өркендеп, көркеюде. Мен мұны жоғары бағалаймын. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: Ақорда