Астанада 1 қыркүйекте 7 жаңа мектеп ашылды

Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Сондай-ақ осы оқу жылында қалада 15 жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Былтырғы кезеңде 66 мың оқушыға арналған 24 мектеп, соның ішінде 16 «Келешек мектебі» ашылды.

Ал жыл соңына дейін 4716 студентке арналған 8 жатақхана  бой көтереді.


Фото: Ақорда