Жолдау еліміздің жедел инновациялық дамуына зор серпін береді — Олжас Бектенов

Үкімет басшысы Үкімет Президент Жолдауында айтылған міндеттерді жедел орындауға бар күш-жігерін жұмылдырады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Беткенов мәлім етті. 

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы еліміздің одан әрі жедел инновациялық дамуына зор серпін береді. Қазақстанның болашағы — технологиялық өрлеумен байланысты, сондықтан Президент үш жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық мемлекетке айналдыру туралы стратегиялық міндет қойды, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Премьер-министр ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу мемлекеттік басқарудың заманауи технологиялық жүйесін құруға мүмкіндік беретінін айтып отыр.


Фото: Үкімет