Мәжіліс дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңын қабылады.
Осылайша, Қазақстан ең төменгі жалақыны айқындау тәсілін халықаралық деңгейде бекітті.
— Қазақстан 1993 жылдан бастап халықаралық еңбек ұйымының толық мүшесі және аталған ұйымның ережесін сақтау мен халықаралық еңбек стандарттарын ұлттық заңнамаға кезең-кезеңімен енгізу бойынша міндеттеме алды. Бүгінде елімізде еңбек жағдайы, еңбекті қорғаудың және әлеуметтік диалогтың негізгі мәселелерін қамтитын еңбек саласындағы халықаралық ұйымның 28-і конвенциясын ратификациялады. Осы бағытта жүйелі әрі бірізді жұмыс істеп жатырмыз, — деді Светлана Жақыпова Мәжілістің жалпы отырысында.
Фото: Kazinform