Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі ауыз судың бір текше метрінің құнын есептеу әдістемесін бекітті.
Бұл әдістеме субсидияланатын су жүйелерінен берілетін судың бағасын анықтауға қолданылады. Аталған бұйрық 13 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Бұдан бөлек, тұрмыстық тұтынушылар үшін тәулігіне адам басына 140 литр су пайдалану лимиті енгізіледі. Норма шегіндегі су үшін ақы базалық тариф бойынша есептеледі, ал одан артық тұтынған жағдайда 1,3 коэффициентімен қымбаттатылып төленеді.
Дереккөз: egemen.kz