Президент ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысының сөзінше, жыл соңына дейін мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленеді. Бұл құжат ұзақ мерзімге жеңілдетілген қаражат алуға мүмкіндік береді.

«Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек. Егін және мал шаруашылығындағы үдерістерді толық қадағалап отыру үшін цифрлық тәсілдерді қолдану қажет. Бұл жұмысты ІТ-бизнеспен бірлесе отырып атқарған жөн», – деді Президент Ақмола облысына жұмыс сапары барысында.


Фото: Ақорда