Қазақстан ұны АҚШ нарығына шықты

Отандық өнім қазірдің өзінде Amazon және Walmart онлайн платформаларында сатылуда. Алғашқы 50 тонна бидай ұны Нью-Йоркке жеткізіліп, Eurasian Legacy брендімен тұтынушыларға ұсынылды.

Бұл – АҚШ-та ұлттық тауарымызды сатудың жаңа стратегиясы аясында жүзеге асқан алғашқы ірі экспорттық жоба. Алдағы уақытта QazTrade қолдауымен ай сайынғы жеткізілім көлемін 100 тоннадан асыру көзделіп отыр, - деп хабарлады Сауда министрлігі.

Amazon-дағы қазақ ұнының бағасы – 1,36 келі қаптамасы үшін $14,50. Қаптамада «Product of Kazakhstan» деген белгі бар.

Онлайн саудадан бөлек, қазір қазақстандық ұнды мейрамханаларға, кофеханаларға және жергілікті асханаларға жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Сонымен бірге, АҚШ-тың ірі сауда желілері – Costco, Whole Foods және Trader Joe’s дүкендеріне шығу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. 


Фото: egemen.kz