Мәжілісте еліміздің мемлекеттік архивтеріне «ұлттық» мәртебе беру мәселесі көтерілді. Бұл бастаманы депутаттар заң жобасын әзірлеу барысында ұсынған.
Қазіргі таңда бұл талаптарға екі архив сай келеді:
▪️Алматыдағы Орталық мемлекеттік архив;
▪️Астанадағы Ұлттық архив.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың архив ісі саласындағы еңбек қатынастарын реттеу бойынша құзыреті кеңейтіледі. Енді әкімдіктер ауылдардағы жұмысы үшін қосымша ақы алуға құқығы бар архив қызметкерлері тізімін анықтай алады.
Фото: egemen.kz