Биыл қазақстандықтарға 2,8 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 804,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 907,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 897 млрд теңге қарастырылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінще, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 503 мың адам. Республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 894 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 326 теңге, базалық зейнетақы – 47 568 теңге.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.


Фото: Kazinform