Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында алдағы 4 жылда елде 5 мың шақырым жаңа теміржол салынатынын мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, Қазақстан соңғы 30 жылда экономикасына 400 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартқан. Оның бір бөлігі транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған.
Бүгінде Азия мен Еуропа арасындағы жүктің 80%-ы Қазақстан арқылы өтеді. Ел «Бір белдеу, бір жол», Солтүстік–Оңтүстік және Транскаспий дәліздерін дамытуға ондаған млрд доллар инвестиция құйып отыр.
Фото: gov.kz