Таразда ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салынады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында индустриялық аймақта жаңа зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатысты.

Құны 3 млрд теңге болатын кәсіпорын жылына 2000 дана техника шығармақ. Жобаға Қытайдың «Kaz FM World agriculture machinery» компаниясы инвестиция құюда.


Фото: qazaqstan.tv