Астанада «АSYL MURA» этнофестивалі өтті

Елордадағы «Jeti Qazyna» этнопаркінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты Қазақ радиосының ұйымдастыруымен 1 қазан – Радио қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «АSYL MURA» этнофестивалі өтті.

Шарада атпен серуен, бүркіт пен тазылар шоуы, этно-дефиле мен ұлттық би және қызықты конкурстар ұйымдастырылды.  

Сондай-ақ, текемет-шоу, қолөнер және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, қымызмұрындық пен киіз үй қалашығы ұйымдастырылды. Кеш соңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.