Елде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінгі таңда 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналды. Нәтижесінде 19,8 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 229,2 центнер өнімділікпен 2,4 млн тонна картоп және гектарына 303,1 центнер өнімділікпен 3,2 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 324 ц/га өнімділікпен 427,5 мың тонна қырыққабат, 429 ц/га өнімділікпен 897,4 мың тонна пияз, сондай-ақ 286,8 ц/га өнімділікпен 328,5 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сай мерзімде жүргізіліп жатыр.


Фото: Ақорда