ҚР Ұлттық музейінде «Зергерлік код. Тағуға болатын статистика» атты көрменің ресми ашылуы өтті. Бұл – Қазақстандағы Syldyr жобасы аясындағы дата-арт пен концептуалды әшекейлерге арналған алғашқы халықаралық көрме.
Экспозицияға Қазақстан, Германия, Австралия, Мажарстан, АҚШ, Италия, Нидерланд, Мексика, Сенегал, Қытай, Ресей, Австрия, Ұлыбритания, Польша, Грузия, Оман сынды 28 мемлекеттен 60-тан астам суретші қатысты.
Авторлар концептуалды әшекейлер мен материалдық дата-арт туындыларын ұсынды. Бұл жұмыстар арнайы осы көрме үшін жасалған.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі