«Құлагер» хоккей командасының бастығы ұсталды

Бұған дейін алаяқтық бойынша күдікке ілінген Сергей Филь қолға түсті.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Астананың 45 жастағы тұрғыны екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

— Ер адам полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер бұл кезеңде жария етілмейді, — делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге салайық, СҚО-дағы «Құлагер» хоккей клубының бастығы 24 қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кетіп, бірнеше хоккейші оған алаяқтық фактісі бойынша полицияға шағымданған.


Фото: «Құлагер» ХК