Ғылым министрі Саясат Нұрбек «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы голкипері Шерхан Қалмұрзамен кездесті.
«Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі – бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Оны осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін!», – деді Саясат Нұрбек.
Қазақ спорт және туризм академиясында ақылы бөлімде оқып жүрген Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталды.
Сондай-ақ, Темірлан Анарбеков те білім гранты иегері атанды
"Біз Темірлан Анарбековті 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық. Сондай-ақ, Дастан Сатпаевтың да біздің жоғары оқу орындарының біріне түсетініне үміттіміз. Оның жасы бар болғаны 17-де!" - деп жазды министр.
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі