Биыл Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру аясында электрондық денсаулық паспорттарын енгізілетін болады. Жоба туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып берді.
Оның айтуынша, трансформацияның негізгі элементі осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған медициналық деректердің бірыңғай сақтау қоймасы болады. Оның негізінде 2026 жылы азаматтар өздерінің электрондық денсаулық паспорттарына толыққанды қол жеткізе алады.
Жасанды интеллект технологиялары қазірдің өзінде отандық клиникаларда инсульт, өкпе, сүт безі обыры және пневмонияны анықтау үшін КТ, МРТ және рентген суреттерін талдау кезінде белсенді қолданылады.
Фото: egemen.kz