Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі таңда агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджеттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған. Алайда мердігер 3 жыл бойы іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өсірілген жалған қабылдау актілерін берген. Заңсыз әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 152 млн теңге көлемінде зиян келтірілген.
Сот санкциясымен күдіктілердің 100 млн теңгеден астам құны бар мүлкіне қол қойылды. Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Фото: dalanews.kz