Бұл туралы ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының өкілі Назгүл Жангелдина айтты.
«Бүгінде Қазақстанда күту парағында 4 384 пациент, оның ішінде 121 бала бар. Соңғы бес жылда елімізде 1209 трансплантация жасалды», - деді Назгүл Жангелдина.
Бірінші ағза трансплантациясы 1979 жылы жасалған. 1991 жылы бала ағзасын транспланттау жүзеге асырылған. Ал 2012 жылы тұңғыш рет қайтыс болған донордың жүрегі өзге адамға салынды.
Фото: Canva