Жол ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұл туралы хабарлама электронды пошта не мессенджер арқылы келеді.
Онда жүргізушінің жеке деректері мен көлік нөмірі көрсетіліп, «төлеуге арналған» сілтеме беріледі. Бұл – фишинг шабуылы. Егер адам карта деректерін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізе алады.
Полиция ескертеді:
▫️Ресми айыппұл хабарламалары тек 1414 нөмірінен келеді;
▫️Сілтемелер ешқашан жіберілмейді;
▫️Айыппұлды тек egov.kz, qamqor.kz немесе банктердің қосымшалары арқылы тексеруге болады.
Егер карта деректерін енгізіп қойсаңыз, дереу картаны бұғаттап, банк пен полицияға хабарласу қажет.
Фото: egemen.kz