Елімізде 24,6 млн тонна астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, бүгінде 15,1 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 94,1%-ы жиналды. Нәтижесінде 24,6 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,1 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,7 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 307,9 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 323,5 ц/га өнімділікпен 431 мың тонна қырыққабат, 440,7 ц/га өнімділікпен 1026,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,5 ц/га өнімділікпен 374,3 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.


Фото: Ақорда