Mecenat.kz әдеби байқауы дөңгелек үстелге шақырады. Заманауи тұрғыдағы әдеби талдау. Бұл не? Жай ғана кітап таныстырылымы ма? Жоқ. Бұл – нағыз әдеби сын, пікірталас, дәлел және автордың тікелей жауабы.
17 қазан күні, сағат 11:00-де Мұхтар Әуезов атындағы мұражай-үйінде Mecenat.kz байқауының жеңімпаз романдарына арналған дөңгелек үстелдердің алғашқысы өтеді.
Талқыланатын шығарма: жазушы Сәуле Досжанның «Өмір бәйтерегі» романы. Бұл туынды Mecenat.kz байқауының 3-маусым жеңімпазы.
Айқын форматта: Бір отырыс — бір роман. Төрт рецензент алдын-ала құрылымды жазбаша талдау ұсынады. Әр рецензент романның мықты және даулы тұстарын (құрылым, логика, кейіпкерлер және т.б.) саралайды.
Автор сынға тікелей қатысып, нақты жауап береді. Соңында — әдебиеттанушылар, сыншылар мен оқырмандар арасындағы ашық пікірталас өтеді.
Қатысушылар:Автор, рецензенттер, әдебиет зерттеушілері, мұражай және ғылыми институт өкілдері, шақырылған қонақтар.
Бұл жерде PR немесе жай ғана таныстырылым болмайды. Мұражай-үйі сол күні шынайы әдеби талқылау мен мазмұнды диалогтың алаңына айналады. Дәйекті пікір, терең талдау және автор мен сыншы арасындағы ашық әңгіме.
17 қазан. 11:00
Мұхтар Әуезов атындағы мұражай-үйі,
Алматы қаласы