1 млн азамат жасанды интеллект негіздеріне оқытылады

5 жыл ішінде 1 млн азаматты жасанды интеллект негіздеріне оқыту жоспарлануда. Еліміздің 20 жоғары оқу орнында тиісті білім беру бағдарламалары енгізілді

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы берген тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет экономиканың тұрақты дамуы үшін негіз қалыптастыратын цифрлық технологияларды енгізу бойынша қарқынды жұмыс істеліп жатыр.

Оны Премьер-министрдің басшылығымен арнайы құрылған Цифрлық штаб үйлестіреді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, IT-индустрия, жасанды интеллект, өңірлерді интернет байланыспен қамтамасыз ету және тағы да басқа салаларда тұрақты прогресс байқалады.



Фото: Анадолы