Қаңтар айынан бастап салық төлеу ережелері өзгереді

Ескі көліктерге салық азаяды. 1 қаңтардан бастап мүлік, жер және көлік салығын төлеу ережелері өзгереді. 10 жыл жүрген темір тұлпарға  30%, 20 жылдан асқанына 50% жеңілдік жасалады.

Қозғалтқыш көлемі үлкен автомобильдерге салынатын қосымша салық та алынып тасталады. Қазір 3 литрден үлкен қозғалтқышы бар көліктерге салық көбірек, енді бәріне бірдей болады. Бұдан бөлек, көлік салығы  жүргізуші куәлігіндегі категорияға қарай есептелмек.


Фото: baq,kz