WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күні WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы 42 жастағы Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салынатын жекпе-жекке қол қойды.
Екі боксшының айқасы 6 желтоқсанда (UTC−5) Сан-Антониода (Техас штаты) өтеді. Сол кештің басты айқасы Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек болмақ.
Отандасымыз соңғы жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізіп, Ануэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа жіберіп, өз атақтарын қорғап қалды. Айта кетсек, қазақстандық боксшы IBF чемпионы атағын екі жыл бұрын, ал WBO белбеуін оған дейін бір жыл бұрын иеленген еді.
Кубалық боксшы өткен жылдың қыркүйегінен бері рингке шыққан жоқ. Сол кезде ол екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион, америкалық Дэнни Гарсияны (37-4, 21 KO) техникалық нокаутпен жеңген.
Фото: ғаламтордан коллаж