«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 3 қарашадан басталады

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 3 қарашадан 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Бағдарламаға «Отбасы банкінің» салымшылары, сондай-ақ депозитінде кемінде 2 млн теңге жинағы бар және соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмаған азаматтар қатыса алады.

Өтінім беру онлайн форматта жүзеге асырылады. Қатысушылар Baspana Market платформасындағы жеке кабинеті арқылы өтінім беріп, нәтижесін сол жерде бақылай алады.

Несие сомасының ең жоғары мөлшері өңірлер үшін - 30 млн теңге, ал Астана мен Алматы қалалары үшін - 36 млн теңге көлемінде белгіленген.

Несие мерзімі 19 жылға дейін созылады.


Фото: elordainfo.kz