Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында төрт дүркін Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушылардың робототехникадан ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge атты Бүкіләлемдік Олимпиадада қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен біздің оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды:

Бұған дейін команда Женева-2022, Сингапур-2023 және Грекия-2024 жарыстарында да үздік атанып, халықаралық STEM бағытында әлемдік көшбасшы мәртебесін иеленген.


Фото: Оқу-ағарту министрлігі