Жүзу сабағы мектеп бағдарламасына енгізіледі

Пилоттық жоба келесі жылы Астана мен Алматыда басталады. Кейін бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі деген жоспар бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Qazaq Aquatics Федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин айтты.

Ол Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, жүзу сабағы мектеп бағдарламасының бір бөлігі болатын бағдарламаны енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.

«Бұл бастама АҚШ, Аустралия және Венгрия сияқты елдердің үлгісі бойынша жүзеге асырылуда, олар жүзу бойынша әлемдегі ең мықты мемлекеттердің бірі және көптеген жылдар бойы балаларды мектеп жүйесінде жүзуге міндетті оқытуды сәтті енгізіп келеді. Жобаны жүзеге асыру балалардың жас кезінен бастап қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ оларды салауатты өмір салтының бөлігі ретінде спортқа тартуға мүмкіндік береді», - деді Дмитрий Баландин.


Фото Depositphotos.com