Бүгін Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің құрылғанына 7 жыл толды. Осы уақыт аралғында кластер Қазақстан мен Орталық Еуразиядағы IT-индустрияның негізгі орталығына айналып, стартаптар, инвесторлар және технологиялық компаниялар үшін қуатты экожүйе қалыптастырды.
Іске қосылған сәттен бастап Astana Hub қатысушыларының саны 1875 компанияға жетті, оның ішінде 450-ден астамы шетелдік. Кластер қатысушылары салықтық жеңілдіктерге, еңбек және визалық режимдердің жеңілдетілуіне, инфрақұрылым мен халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ие. Нәтижесінде 2019 жылдан бастап қатысушылардың жалпы табысы $4,3 млрд-қа жетті, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша IT-қызметтер экспортының көлемі $1,5 млрд-тан асады. Жеті жыл ішінде Astana Hub стартаптары $840 млн-нан астам инвестиция тартқан.
Фото: Astana hub