«City Transportation Systems» ЖШС Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлерді қабылдау басталғанын хабарлады.
Компания мына лауазымдарға үміткерлер іздейді:
- Станциялардың ауысым басшылары;
- Станция кезекшілері;
- Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
- Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
- LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
- Дабыл техниктері;
- Байланыс техниктері;
- Электр монтерлері;
- Жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
- Жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
- Қойма меңгерушілері.
- LRT жүйесінде жұмыс істейтін болашақ мамандарды оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және Қытай Халық Республикасында өтеді. Курстың ұзақтығы мамандыққа байланысты - 4-6 ай. Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат табысталып, барлығы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады, - делінген ақпаратта.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
– кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Толық біліктілік талаптары cts.gov.kz сайтында жарияланған. Түйіндемелер осы сайт арқылы қабылданады.
Фото: CTS