Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ конгрессмендерімен кездесуінде айтты.
«Сапарымның мақсаты – өзара ынтымақтастығымызды ілгерілету және дамыту. 30 жылдық әріптестік барысында біз көптеген келісімге қол қойдық. АҚШ біздің экономикамызға 100 млрд доллардан астам инвестиция салды. Ірі америкалық трансұлттық компаниялар Қазақстан нарығында табысты жұмыс істеп келеді. Біз мұнымен мақтанамыз, сондай-ақ елімізде 600-ден астам америкалық компанияның жұмыс істеуі де зор қуаныш. Менің ойымша, бұл Қазақстан мен АҚШ арасындағы «алтын көпір», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.