Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды. Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.
Жоғары жас санаты (9-11 сынып):
- Мансур Мамадахунов — Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
- Алдияр Сейтбай — Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
- Әли Еркебұланұлы — ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);
- Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық № 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).
Кіші жас санаты (7-8 сынып):
- Ахмет Бердімұрат — Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);
- Темір Оразбек — Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);
- Азамат Рахимбердиев — Атырау облыстық № 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика); Ислам Ермуханов — Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).
Олимпиаданың жұмыс тілдері — ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі