Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады.

Кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сапарға ерекше мән беріп отырғанын және келіссөздердің табысты өтетініне сенімді екенін жеткізді.

Сондай-ақ Президент Владимир Путинмен екіжақты тауар айналымының көлемін таяу арада 30 миллиард долларға дейін арттыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды.


Фото: Ақорда