Қазақстандықтарға ипотеканы зейнетақы ақшасымен жабуға рұқсат етіледі

Индустрия министрлігі зейнетке шыққанда берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін өзгертуді ұсынуда. Енді бұл қаражатты тек жаңа баспана алуға ғана емес, бар ипотеканы жеңілдетуге де жұмсауға болады.

Жобаға сәйкес, ЕНПФ-тегі жинақты пайдаланып:

     • негізгі қарызды толық не ішінара жабуға;
     • несие мерзімін қысқартуға;
     • ай сайынғы төлемді азайтуға мүмкіндік беріледі.

Зейнеткерлер ЕНПФ-тағы жинақтың бір бөлігін қолданып, ипотеканы тезірек жаба алады. Жоба «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр, талқылау 21 қарашаға дейін жалғасады.


Фото: qaz.ulysmedia.kz