Астанада соғыс ардагеріне мемориалдық тақта орнатылды

Бүгін елордадағы Әзербайжан Мәмбетов көшесінің тұрғын үй алдында соғыс ардагері Астана қаласы "Құрметті азаматы", Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің бірінші төрағасы Бутенко Михаил Сергеевичтің тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылды.

Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Астанаға "Еңбек Даңқы қаласы" атағын беру аясында өтті. Тақта орнату рәсіміне елордалық "Ардагерлер ұйымы" төрағасы Сансызбай Есілов, Бутенко Михаил Сергеевичтің туған-туыстары, көзкөргендер, немерелері, қалалық ардагерлер кеңесінің пленум мүшелері қатысып, гүл шоқтары қойылды.