Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аясында Мәскеу қаласында «Қазақстан мен Ресей достығы» скверінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа саябақ Мәскеудің Оңтүстік әкімшілік округінде, «Алма-Атинская» станциясының маңында орналасқан.
Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі