«Бір ауыл – бір өнім». Дәл осындай атаумен бүгін Астанада ауылшаруашылығы өнімдерінің республикалық көрме-жәрмеңкесі ашылды.
Ұлттық экономика министрлігінің тапсырысы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын осынау шара биыл 12-13 қараша күндері Қазмедиа орталығында өтеді. Алматы облысы Іле ауданынан келген кәсіпкер, ұлттық тағам түрлерін өндіруші Жарқын Байділдақызы мұндай жәрмеңкелер кәсіпкерлерді қолдаудың нақты көрінісі дейді.