Үкімет зейнетақы жарналарын есептеу мен аудару тәртібін реттейтін қаулыларды бекітті. Жаңа ережелер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Енді жаңа ережеге сәйкес, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары әр жұмыс істейтін адамның ай сайынғы табысынан ұсталады. Яғни, сіздің жалақыңыздан бұрынғыдай тек зейнетақы жарнасы емес, сонымен бірге кәсіби зейнетақы жарнасы да есептеледі. (Бұл – болашақ зейнетақыңыз көбейеді деген сөз).
Ал егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам болсаңыз (мысалы, жеке шебер, такси жүргізушісі, онлайн сатушы т.б.) және арнайы салық режимін қолдансаңыз, онда сіз бұл жарнаны өзіңіз есептеп, зейнетақы ай сайын өзіңіз аударуыңыз керек.
Мысалы қараша айында табыс таптыңыз делік — сол табыстан зейнетақы жарнасын есептеп, желтоқсанның 25-іне дейін зейнетақы қорына жіберуіңіз керек.
Сонымен қатар зейнетақы немесе кәсіби жарналар бойынша берешек 6 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын болса, салық органдары төлеушіге хабарлама жібереді. Егер берешек 10 жұмыс күні ішінде өтелмесе, төлеушінің банк шоттарындағы шығыс операциялар тоқтатылады.
Фото: Турар Казангапов/Tengrinews