Қызылордадағы Қорқыт Ата университетінің жас ғалымдары кәдімгі күріш қауызынан қатерлі ісікке қарсы қолданылатын моноглицерид сұйығын синтездеді. Бұл фармацевтикада бұрын тек пальма өсімдігі мен акуланың майынан алынатын элемент болып келген.
Өңірде жыл сайын 80 мың гектарға күріш егілетінін ескерсек, дәннен қалған сабан мен қауызды ғылыми тұрғыда тиімді пайдалану фармацевтика мен тамақ өнеркәсібіне жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін.
Фото: syrboyi.kz