2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 103 407,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
9 айдағы экспорт көлемі 57 500,4 млн АҚШ доллары болды. Экспорт бойынша негізгі серіктес елдер: Италия (21%), Қытай (18,8%), Ресей (10,3%), Нидерланд (7,6%), Түркия (4,8%) және Өзбекстан (4,4%). 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы импорт көлемі 45 906,8 млн АҚШ долларын құрады.
Импорт бойынша негізгі серіктес елдер: Қытай (29,5%), Ресей (29,1%), Германия (4,5%), АҚШ (3,6%), Корея Республикасы (3,6%) және Франция (2,5%).
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform