Биыл Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана Kazneb.kz платформасының даму қарқыны жаңа деңгейге көтерілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат таратты.
Көрсеткіштер 2025 жылы қалай өзгерді?
- Контент қаралымы: 5 344 169-дан 7 350 220-ға жеткен, яғни 37,5 %-дай артқан.
- Пайдаланушылар саны: 449 751 адамнан 579 359 оқырманға көбейіп, көрсеткіш 28,8%-ға жетті.
- Қашықтан қолданғандар: 902 280 адамнан 1 140 330 адамға көбейіп, 26,38%-ға артқан.
- Автор рұқсатымен жүктелген құжат саны: 4 241 023-ден 5 620 751-ге жеткен. Пайыздық үлес - 32,53%.
Айта кетейік, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорында 64 тілде 82 939 құжат сақталған. Барлық материалды порталға тіркелмей-ақ көруге болады. Қазіргі кезде бұл платформаны 123 елдің оқырманы пайдаланады.
Фото: baq.kz