Қазақстанда Massachusetts Institute of Technology (MIT) серіктестігімен Жасанды интеллект университетін ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. Айтуынша, MIT-пен алдын ала келіссөздер басталған.
Қазақстан Президентінің жасанды интеллектке бағытталған жоғары оқу орнын құру туралы тапсырмасын ескере отырып, бұл жоба MIT-пен бірлесіп жүзеге асуы ықтимал.
1861 жылы құрылған MIT инженерия, ІТ, жасанды интеллект, экономика және менеджмент салаларында әлемдік көшбасшы болып саналады. Жоба іске асқан жағдайда, Қазақстан жасанды интеллект білімінің жаңа орталығына айналуы мүмкін.
Фото: mit.edu