Тайталас тағдыр

2025 жылдың 26-қарашасында сағат 10.00  ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик, қоғам қайраткері Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың "Тайталас тағдыр" кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

    Кітаптың тұсаукесеріне еліміздің көрнекті ғалымдары, мәдениет және қоғам қайраткерлері, жазушылар, журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысады. Кітаптың таныстырылымы қазіргі Қазақстанның саяси, әлеуметтік және рухани өмірінде өзіндік орны бар тұлғаның өмір жолына, мемлекеттік қызметтегі көп жылғы тәжірибесіне, қоғамдық ой-пікірді дамытудағы еңбегіне арналады.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

Бақытжан Жұмағұлов – мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Президенті, Түркі әлемі математиктерінің Президенті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Әрине, кез келген мемлекет қайраткерінің өмір жолы, өзі жазғандай тайталас-тағдыры қалың жұртшылықты қызықтырары сөзсіз.

«Тайталас тағдыр» – автордың өзі куә болған тарихи кезеңдер, мемлекеттік басқарудағы күрделі шешімдер, тәуелсіздік жылдарындағы өзгерістер мен ел дамуының бағыттары туралы шынайы баяндауларға толы туынды. Еңбекте елдік мүдде, ұлттық құндылықтар, заманауи қоғамның дамуы, білім мен ғылымның болашағы сияқты маңызды тақырыптар жан-жақты қозғалған.

«Тайталас тағдыр» кітабы – ел тарихының жасалу кезеңдерін өз көзімен көрген және сол процестердің бел ортасында жүрген тұлғаның өмір жолын толыққанды ашатын ерекше шығарма.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ  МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Өтетін орны: Алматы қ., Абай даңғылы, 14

ҚР Ұлттық кітапханасы

Байланыс номері:

ҚР ҰИА Төралқасы,

+7 707 751 36 02