Еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет деп санайды – Президент

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қос елді ғасырлардан жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіретініне тоқталды. Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда-саттық, экономикалық ықпалдастықтың басқа да түрлері және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келетінін жеткізді.

«Екі ел серіктестігінің ауқымы мен сапасына көңіліміз толады деп айтуға негіз бар. Бұл ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Дегенмен алға қадам басу қажет. Күн тәртібінде өте маңызды мәселелер тұр. Бүгін олардың шешімін бірлесіп табамыз деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Фото: Ақорда