Қосшы қаласынан келген балалар радионың тарихы мен дәстүрін, арнаның жұмыс барысымен танысып, студия жұмысын өз көздерімен көрді.
Радио журналистері балаларға арнайы шеберлік сағатын өткізіп, сұхбат алу, мәтін оқу және эфир мәдениеті туралы тәжірибелерімен бөлісті. Экскурсия соңында оқушылар өздері шағын сұхбат жазып, нағыз радио студиясындағы жұмысты сезініп қайтты.